Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай басталды

Ақорда
Ақорда

Әскери парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордадағы «Қазақ Елі» алаңында Мемлекет басшысы — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әскери шеруге елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері де келді.

Атап айтқанда, 1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1,2 млн-нан аса отандасымыз қатысты. Республиканың әрбір төртінші тұрғына әскер қатарына шақырылды. 

Осы салтанатты іс-шара «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда өтіп жатыр. Парадқа 4 000-нан астам әскери қызметші жұмылдырылды. Оған қоса, қала тұрғындары мен қонақтары 200-ден астам заманауи әскери техника мен қару-жарақты, әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы мен тікұшағын тамашалай алады.

Әскери парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарады.

Айта кетейік, әскери шеруді AlmatyTV телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ арнаның YouTube желіcіндегі парақшасынан көре аласыздар.

Оқи отырыңыз: Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтіп жатыр

 

Новости партнеров