Ұлы Жібек жолымен-2024: Алматыда балалар әдебиетінің бүгінгі жай-күйі талданды

21.11.2024 21:10

Жиынға еліміздің және Ресейдің білікті мамандары қатысып, баяндамалар оқыды

Almaty.tv

Алматыдағы Сапарғали Бегалин атындағы орталық балалар кітапханасында дөңгелек үстел форматында жиын өтіп, балдырғандарға арналған қазіргі әдебиеттің бүгінгі жай-күйі талданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға еліміздің және Ресейдің білікті мамандары қатысып, баяндамалар оқыды. Зерттеушілер саладағы тенденциялар мен жас ұрпақтың дұрыс қалыптасуы, балалар кітапханасының цифрлық әл-ауқаты, ақпараттық ресурс сынды тақырыптарға қатысты сөз қозғады.

Еске салайық, іс-шара «Ұлы Жібек Жолымен-2024» деп аталатын XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесінің аясында ұйымдастырылып отыр.

"Кітапхананың бірінші міндеті – кішкентай баланы үлкен өмірге дайындау. Сондықтан да оларды кітап оқуға баулу керек. Балаларға түрлі түстілігі, мазмұнына қарай кітаптар ұсынылады, бастысы – ертегілер. Ол балалардың ақыл-ойын дамытады", – деді мәдениеттанушы Бердалы Оспан.

Оқи отырыңыз: Амал дәптері: Алматыда әкелерге бағыт-бағдар беретін кітап жарық көрді