Ұлытау облысында құмар ойынға құныққан мемлекеттік қызметші жұмысынан босатылды

Jonathan Greenaway/unsplash.com/
Jonathan Greenaway/unsplash.com/

Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысында құмар ойынға құныққан мемлекеттік қызметші жұмысынан босатылды. Бұл туралы Ұлытау облысы прокуратурасының бапасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.

Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды.

«1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.

 Оқи отырыңыз: Атырауда жеке үйдің төбесіне найзағай түсіп, өрт шықты

 

Новости партнеров