Ұлытау облысында өрт шыққан үйден ер адам құтқарылды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Үй ішінен алты газ баллоны сыртқа шығарылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан үйден ер адамды аман алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Қаражал қаласындағы Шайхина көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде болған.

"Өрт шыққан жерге жедел жеткен құтқарушылар 1971 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Ол түтінге улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар ТЖМ қызметкерлері үй ішінен көлемі 27 литр болатын алты газ баллонын сыртқа алып шыққан. Осылайша жарылыс қаупінің алдын алды.

Өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Бүгін елімізде Аналар күні аталып өтеді

Новости партнеров