Ұлытау облысында зымыран бөлшектері табылды

28.11.2025 18:47

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі зымыран бөліктері алдын ала жоспарланған аймаққа түскенін, тұрғындарға қауіп жоқ екенін хабарлады

Фото видеодан алынды

Ұлытау облысында зымыран бөлшектері табылды. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнежазбада сынықтардың елдімекендерден шамамен бірнеше шақырым жерге құлағаны айтылған. Алдын ала мәліметке сәйкес, табылған фрагменттер кеше Байқоңырдан ұшырылған «Союз МС-28» зымыран-тасығышына тиесілі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі зымыран бөліктері алдын ала жоспарланған аймаққа түскенін, тұрғындарға қауіп жоқ екенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында «Роскосмос» өкілдері мен екі елдің экологтары жұмыс жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда шағын бизнес үшін салық мөлшерлемесі 3 пайызға дейін төмендейді