ЮНЕСКО: Маңғыстаудың жерасты мешіттері адамзаттың ортақ қазынасына айналды

27.07.2026 21:58

ЮНЕСКО бұл кешендердің көшпелі мәдениеттің ғасырлар бойғы сабақтастығын айқын көрсететін, адамзат үшін айрықша құндылыққа ие екенін атап өтті

Маңғыстаудың бірегей тарихи-мәдени мұрасы адамзаттың ортақ қазынасына айналды. Өңірдегі жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Тарихи шешім Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды. Тізімге алынған нысан құрамына Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жерасты мешіттері енді.

ЮНЕСКО бұл кешендердің көшпелі мәдениеттің ғасырлар бойғы сабақтастығын айқын көрсететін, адамзат үшін айрықша құндылыққа ие екенін атап өтті. Мұнда жерасты мешіттерімен қатар, қорымдар, құдықтар және зиярат жолдары бар. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Маңғыстаудың туристік әлеуетін арттырып, қазақтың бай тарихи-рухани мұрасын әлемге кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

«2025 жылы шілдеден бастап, келген сарапшыларымызды қабылдап, он күндік сапар ұйымдастырылды. Әрбір мешітті тыңғылықты қарап, танысып, тарихи-мәдени ескерткіштерімізге жататын жерасты мешіттеріміздің көрді, тұрғылықты халықпен кездесіп, барлығын зерттеп, әрбір ескерткішке толық мән берілді», – деді «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ директоры Балтабай Балапан.

Оқи отырыңыз: Қостанайда көлік жөндеу орталығындағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты