Ұлттық стандарттар экономиканың негізгі салаларын қамтиды
Бүгінде стандарттау тек өнімге қойылатын талаптар жүйесі ғана емес. Ол технологиялық даму, өндірісті, инвестицияларды, сондай-ақ жаңа нарықтарды қолдау құралына айналады. Қазақстан қалыптасқан практиканы бекітетін стандарттан технологиялардың дамуына алдын ала жағдайлар жасайтын стандартқа көшеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2023-2025 жылдар ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған 97 ұлттық стандарт бекітілді. 2026 жылға арналған стандарттау жоспарында 57 тақырыптың 22-сі отандық кәсіпорындардың қажеттіліктеріне тікелей бағдарланған», - деді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, стандарттарды талдау және әзірлеу бойынша жұмыстар мұнай-газ және құрылыс өнімдерінен бастап тамақ өнеркәсібі мен жаңа технологияларға дейін бизнеспен және салалық бірлестіктермен бірлесіп жүргізіледі.
2025 жылы архитектура мен деректерден бастап тәуекелдерді басқару мен құпиялылыққа дейін – жасанды интеллект саласында 7 ұлттық стандарт алғаш рет бекітілді. Сонымен қатар криптография және ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау жөніндегі база жаңартылады.
Биыл ғылыми қызмет саласында алғаш рет ұлттық стандарт – TRL технологиялық дайындық деңгейлері, зерттеулерді цифрландыру және ғылыми деректер үшін FAIR қағидаттары көзделген «Ғылыми зерттеулер және өндіріске қою» стандарты қабылданды.
Сондай-ақ біліктілікке, оқытуға бірыңғай талаптар қойылған және ұлттық тізілімді жүргізетін стандарттау жөніндегі сарапшы институтын заңнамалық түрде қалыптастыру ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Үкімет әлеуметтік көмекті мұқтаж азаматтарға бағыттауды көздейді