Қылмыстық топты «Beef Export Group» ЖШС басшысы басқарған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу амалдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жүйелі ұрлықтың бетін ашты. Қылмыстық топты «Beef Export Group» ЖШС басшысы басқарған, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қылмысты ұйымдастырушы А.Г. Пархоменко 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың тағы 14 қатысушысына 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», – деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Мемлекетке келтірілген 3 миллиард теңгеден астам шығынды өтеу мақсатында айтарлықтай көлемдегі мүлік тәркіленді:
Тергеу барысында күдіктілер өз еркімен 107 миллион теңгені бюджетке қайтарған. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Мұндай қылмыстар адал кәсіпкерлердің дамуына кедергі келтіріп, мемлекеттік қолдау жүйесіне нұқсан келтіретінін мамандар ерекше атап өтті.