Қазақ ғылымы, мәдениеті орны толмас қазаға ұшырады
Тілші-ғалым, алаштанушы, публицист Ғарифолла Әнес өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі El.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы филология ғылымының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Қыздархан Рысберген Facebook желісінде жазды.
Қазақ ғылымы, мәдениеті орны толмас қазаға ұшырады. Алаш азаматы Ғарифолла Әнестен айырылып қалды. Бақұл бол, қайран дос, аяулы Ғареке! – деп жазған Қыздархан Рысберген.
Ғарифолла Қабдолқайырұлы 1957 жылы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында туған.
ҰҒА-ның А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Жаңалық ауылындағы) меңгерушісі. 1992 жылдан «Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының және «Арыс» баспасының құрылтайшы-президенті. 2013 жылдан «Қазақстан тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының» төрағалығын қоса атқарады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі.
«Құрмет» «Парасат» ордендерің иегері. Бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.