Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды
Depositphotos.com
Спортшы жекелей сында, сондай-ақ жұптық жарыстарда бақ сынайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
21-28 қараша аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан атынан әлемдік додада Алан Құрманғалиев өнер көрсетеді. Ол жекелей сында, сондай-ақ жұптық жарыстарда бақ сынайды.
Ерлер арасындағы жұптық сында Құрманғалиев Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге ойнайды. Ал аралас жұпта оның командаласы Мысыр спортшысы Хана Года болмақ.
Әлем чемпионатына 50 елдің өкілдері қатысады. U19 және U15 жас санаттарында барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан сиыр еті экспортын 34,4 пайызға арттырды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
20.11.2026 13:47
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
19.11.2026 08:13
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
20.11.2026 08:14
Президент Жолдауы әділетті Қазақстан құруға жол ашады - сарапшы
19.11.2026 10:07