Ақтауда көлік жол үстінде өртке оранды

02.02.2026 12:45

Өрттің шығу себептері анықталуда

Кадр из видео

2 ақпанда сағат 08:55-те Ақтау қаласының 22-ші шағын ауданында, №9 үйдің маңында, жол үстінде KIA Sportage маркалы көліктің мотор бөлігінде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv Lada сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері дереу жетті. Өртті сөндіру үшін «Пурга-2» өрт сөндіргіші және «Б» типті өрт құбыры қолданылды. Өрт толықтай сағат 09:06-да сөндірілді. Оқиға нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері анықталуда. Айта кетейік, бұған дейін, 21 қаңтарда, Ақтауда Mercedes-Benz маркалы көлік өртенген болатын.

Оқи отырыңыз: Астанада TikTok-та «емші» болып таныстырған алаяқ сотталды