Оқиға орнында Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық кеңес өкілдері жұмыс істеп жатыр
Өрт шыққан сәтте балалар үйінде 35 тәрбиеленуші және қызметкерлер болған. Барлығы дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазіргі уақытта балалар уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды. Онда қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде.
Балаларға тамақ беріліп, жайғастырылды. Олар сырт киіммен, азық-түлікпен және жеке гигиена құралдарымен қамтылған. Сондай-ақ тәрбиеленушілерге тәттілер берілді.
Оқиға орнында Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық қызметі, сондай-ақ Отбасыны қолдау орталығы мен Балаларды қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр. Жағдай толық бақылауда.
Оқи отырыңыз: Жағдай бақылауда: Алматы әкімі балалар үйі аумағынан шыққан өрт орнына барды