Алматыда 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді

26.05.2026 09:57

Ұрланған гаджеттер өткізілетін орындар ерекше бақылауға алынды

Polisia.kz

Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы құрылғыларды ұрлау көрсеткіші 40%-ға төмендеген, - деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Almaty.tv.

Полицейлер осындай 900-ден астам қылмыстың бетін ашты. Ұрланған телефондар заңды иелеріне қайтарылды. 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ұялы телефон ұрлаумен айналысқан 12 қылмыстық топ жойылды. Осы орайда, ұрланған техниканы өткізу орындарына ерекше назар аударылуда.

Осы орайда, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталды. Одан 30-дан астам ұрланған ұялы телефон тәркіленді. ІІМ ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды қырағылық танытып, қоғамдық орындар мен көлік ішінде жеке мүліктеріне сақ болуды сұрайды. Заң мен тәртіп әрбір адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Оқи отырыңыз: Толассыз жауын: Қазығұрт ауданында 40-тан астам үйді су басып қалды