Алматыда көпқабатты үйден шыққан өрт сөндіріліп жатыр

22.04.2026 13:01

Өрт Тимирязев пен Манас көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйден шықты

Алматы қаласында Тимирязев пен Манас көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша, жалын ғимараттың бір бөлігін шарпыған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Түсірілім тобы оқиға орнында болып, жағдайды тіркеуде. Өрттің шығу себептері, мән-жайы және зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер кейінірек хабарланады.

Оқи отырыңыз: Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды - ІІМ