Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясына қатысты

Акорда
Акорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұстаздары бас қосқан Республикалық тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Конференцияда білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің мәртебесін арттыру және жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері талқылануда. Сондай-ақ, сапалы білім беру арқылы елдің болашағына үлес қосу жолдары, заманауи оқыту әдістерін енгізу және білім саласындағы реформалардың нәтижелері қарастырылуда.

Бұл дәстүрлі тамыз кеңесі – жаңа оқу жылы қарсаңында педагогикалық қауымдастық үшін тәжірибе алмасып, стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң.

Оқи отырыңыз: Президент: Қазақстанның Еуразиялық транзит хабы ретіндегі позициясын нығайтады

Новости партнеров