Қарағандыны «ұрып өткен» дауыл: стихияның салдары қандай?

27.04.2026 11:40

Облыс орталығы ең көп зардап шекті

Depositphotos

Қарағанды облысында екпіні секундына 23 метрге жеткен дауылды желдің салдарын жою жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Табиғи апат өңірдегі тұрғын үйлерге, білім беру нысандарына және инфрақұрылымға айтарлықтай нұқсан келтірді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Ең көп шығын облыс орталығында тіркелді. Қарағандыда қатты жел үш көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ішінара жұлып алды, сондай-ақ аулалардың бірінде тұрған жеңіл көлікке зақым келді. Одан бөлек, қала бойынша ағаштар мен ірі бұтақтардың құлау жағдайлары тіркелді.

Абай қаласында екі бесқабатты үйдің шатыры бүлінді. Осакаров ауданында мектеп ғимаратының шатыры зақымданды. Қарқаралыда жел екі қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетсе, №2 қазандық аумағында пайдаланылмайтын металл түтін мұржасы құлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері апат салдарын жоюға жұмылдырылды. Мамандар зақымданған шатырлардың қауіпті учаскелерін бөлшектеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай жедел қызметтердің бақылауында.