Президент жолдауы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты істерді қамтыған

17.11.2026 09:00
Depositphotos

ҚР Құрылтай депутаты Нұрайнаш Қамалова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында инфрақұрылымды дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыратын маңызды міндет айқындалғанын айтады. Жолдауда әлеуметтік қолдауға, соның ішінде ең төменгі жалақы мөлшеріне көп көңіл бөлінген, - деп хабарлайды Almaty.tv.

 «2027–2029 жылға арналған бюджетті қарау барысында біздің партия ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Бұл бастаманың жолдауда қолдау тапқанына қуаныштымыз. Бұл – азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасайтын маңызды қадам», – дейді депутат.

Ендігі міндет – жолдауда айтылған бастамаларды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар деңгейінде де іс жүзінде жүзеге асыру екенін жеткізді.

Толық көрсету