Астанада Қазақстанның Азаматтық альянсы жанындағы «Ұстаным» пікірталас клубының «Халық Кеңесі: Қазақстанның жаңа саяси жүйесінде азаматтардың қоғам ісіне қатысудағы рөлі» тақырыбындағы отырысы өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі-не сілтеме жасап.
Жиында Халық Кеңесінің азаматтардың қоғамдық үдерістерге араласуындағы рөлі, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік институттар арасындағы байланыс және қоғамдық диалогты дамытудың алдағы бағыттары сөз болды.
Қоғам үшін маңызды шешімдерді талқылау кезінде сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің пікірін ескеру, олардың белсенділігін арттыру жайы сөз болды. Қатысушылар осы бағытты жетілдіруге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Отырыс барысында қоғамдық диалогты одан әрі дамытуға қатысты пікірлер айтылып, бірқатар ұсыныс талқыланды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан өнеркәсібіне заманауи неміс технологиялары енгізілуі мүмкін