Референдумға дейін:
12
күн
11
сағат
7
минут

Қазақстанда киножобалар байқауы басталды: іріктеуде ЖИ қолданылмақ

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бұл жас режиссерлер үшін жақсы мүмкіндік 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сапалы және рухани тәрбиелік мәні бар кино жасау туралы тапсырмасына сәйкес жыл сайынғы киножобалар конкурсы басталды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында жарияланған іріктеудің басым тақырыптары арасында туған жер, отбасы, салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтар, еңбек, заң, тәртіп, табиғат, ғарыш, туризм және басқа да өзекті бағыттар ұсынылған.

Биылғы жылы іріктеудің маңызды жаңалығы – жасанды интеллекттің (ЖИ) көмегімен өткізілуі.

"Маңызды жаңалықтардың бірі – іріктеу жасанды интеллекттің көмегімен өткізіледі. Бұл ашықтық пен шешім қабылдаудағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге көмектеседі", - деді министр.

Ережеге сәйкес бірінші кезеңде тек сценарийлер мен сценарий жоспарлары қабылданады. Екінші кезеңде құжаттар топтамасының толық сәйкестігі тексеріледі. Ал ашық қорғау мен питчинг кезеңі онлайн трансляция арқылы өтеді.

Конкурс нәтижесінде мемлекеттік қолдау алған жобалардың 70 пайызы жас режиссерлердің туындылары екені атап өтілді.

Аида Балаева сапалы, сауатты фильмдер түсіргісі келетін авторларға сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда референдумға байланысты ауқымды қоғамдық іс-шара өтті

Новости партнеров