Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС мәліметінше, 2025 жылғы 6 қазан күні, Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сейсмикалық дүмпу Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 465 шақырым қашықтықта болған. Эпицентрдің координаттары — 42.270º с.е. 71.378º ш.б., тереңдігі 10 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3, магнитудасы MPV 5.9 болды.

Сезілген аймақтар мен қарқындылық (MSK-64 шкаласы бойынша):

  • 4 балл: Жамбыл облысы (Б.Момышұлы, Тараз, Сарыкемер, Аса), Түркістан облысы (Т.Рысқұлов, Леңгір).

  • 3 балл: Жамбыл және Түркістан облыстарының бірнеше елді мекендері (Қаратау, Манкент, Ақсукент, Құлан, Мерке, Қазығұрт, Темірлан, Шаян, Шымкент қаласы).

  • 2 балл: Түркістан және Жамбыл облыстарының басқа аудандары (Жаңатас, Сарыағаш, Арыс, Келес, Шу, Созақ, Отырар, Мойынқұм, Кентау, Түркістан, Қордай, Мақтаарал, Сауран, Жетісай, Шардара).

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ, жағдайды анықтау және мониторинг жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Сақ болыңыз: жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

Новости партнеров