Маңғыстау облысында құтқарушылар жағадан алыстап кеткен үш адамды тапты

29.09.2026 09:00

Медициналық көмек қажет болған жоқ

Depositphotos.com

Өткен түнде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларды іздеуге ТЖМ күштері дереу шықты.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертеді: жел күшейген кезде суға шықпаңыздар және қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Толық көрсету