Петропавл қаласының Халтурин көшесінде орналасқан жеке тұрғынүйде өрт шыққаны туралы «112» пультіне хабарлама түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіп-қатерге тап болған адамды анықтап, оны жанып жатқан үйден алып шықты.
Өрт сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұтқылы себеп болуы мүмкін.