Владимир Белозеров: Өмірдің мәнісі – өзіңе де, елге де сыйлы бола білу

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл соғыс ардагері Владимир Белозеров  100-ге толады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңіс күнінің қарсаңында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Белозеровтың үйіне барып, ардагерді құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Владимир Дмитриевич 18 жасқа толғанда,  1943 жылы майданға аттаныпты. 3 Украин майданында соғысып, соғыстың ең сұрапыл кезінде Днепрді кешіп өткен. 

«Соғысқа алғаш рет украин жерінде қатыстық. Шаршап-шалдығып, қарынаш, жаяу келе жатқанбыз. Ауылға  кіргенде, ондағылар «суды ішпеңдер. Немістер шегініп бара жатып бәрін улап кетті» деп айтты», – деп еске алды ардагер. 

Днепрден өтер кезде ауыр жараланып, керең боп қалған. Харьковтегі госпитальда жатып, мүгедектігіне байланысты босап шығады. Жеңісті Барнаулда қарсы алған. 

 «Біреу туған-туысым қайтып келер деп қуанып, біреу қайғырып, айналамның бәрі жылап жатты. Жеңісті жыламай еске алу қиын», – деді ардагер.

 Ауыр жараланғанына қарамастан, Владимир Дмитриевич мойымаған. Жоғары білім алып, өмірін өндіріске арнаған.  28 жыл Алматыдағы құрылыс материалдары комбинатында цех бастығы болып істейді. Осы еңбегі үшін 1964 жылы мемлекеттік марапат – «Ленин» орденімен марапатталады.

«Жұмысқа көңілді баратынмын. Адамның ақысын жеген жоқпын, бәрімен бірдей сыйластым. Комбинаттағылардың бәрі цехыма кеп жұмыс істегісі келетін. Бұл маған деген құрмет деп ойлаймын», – деді Владимир Белозеров.

 Владимир Белозеров биыл 100-ге толады. Ақсақал әлі тың, гимнастикамен айналысып, бақшаға қарап, шахмат ойнап, жаяу жүруді ұнатады.

«Өмірдің мәнісі – өзіңе де, елге де сыйлы бола білу», — дейді Владимир Дмитриевич.

Оқи отырыңыз: Ерлікке тағзым: Алматыда ескерткіш тас белгісі орнатылды

 

 

Новости партнеров