Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім беру объектілері қауіпсіздік талаптары бойынша тексерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бүгінде ұйымдардың 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған. 93%-ының мектеп бейнекамералары Жедел басқару орталықтарына шығарылған.
Сондай-ақ білім беру объектілерінің маңындағы жол инфрақұрылымы тексерілді.
«Балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 15-ші тамыздан бастап “Назар аударыңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Оның аясында қиын өмірлік жағдайдағы балалармен жұмыс жүргізу, балалардың жарақаттанудан алдын алу, балаларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайын тексеру және басқа да шаралар қамтылады», — деді Ержан Сәденов.
Жаңа «Профилактика туралы» Заңмен білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктері көзделді. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері, оның ішінде буллингті және басқа да заңсыз әрекеттерді ерте анықтау тәсілдері бекітілді.