ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасында кадрларды оқыту мәселелерінде өзара іс-қимылды жолға қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Министр жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастығына мысал ретінде «Самұрық-Қазына» қорымен бірлескен жұмысты атап өтті.
Қордың портфельдік компанияларында жыл сайын шамамен 10 мың студент дуалды оқудан және өндірістік практикадан өтеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында осы форматпен 4,3 мыңнан астам студент қамтылды.
Дуалды оқыту тау-кен ісі, энергетика, IT, электр техникасы, теміржол көлігі, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ресурстарды өндіру және өңдеу бағыттарын қамтиды.
«Сонымен қатар биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды. Шамаман 600 білім алушы қабылданады деп күтілуде», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Бакалавариатта 400 студент, оның 308-і мемлекеттік грант иегері. Магистратура бағдарламасына 100 адам Астана Хаб, Алагеум гранттарына және ақылы оқуға қабылданады.