Мемлекеттік кеңесші елордадағы Ұлттық кітапханада орналасқан учаскеде дауыс берді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгін атом электр стансасын салуға қатысты референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ол өз таңдауын елордадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №164 дауыс беру учаскесінде жасады.
Ерлан Қариннің айтуынша, ТМД мен Орталық Азия аумағында референдум өткізіп отырған мемлекет – жалғыз Қазақстан. Мұндай маңызды мәселе бұрын-соңды жалпыұлттық дауыс беруге шығарылған емес.
«ТМД кеңістігіндегі, Орталық Азияда осындай мәселе бойынша референдум өткізіп отырған жалғыз, бірден бір мемлекетпіз. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады. Елімізде мемлекет пен қоғам арасында мемлекеттің дамуын анықтайтын өзекті мәселелер бойынша өзара кеңесу, талқылау арқылы жаңа саяси дәстүр қалыптасып келе жатыр», - деді ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Ал Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов жалпыұлттық референдумға қатысып, өз дауысын Оқушылар сарайындағы №61 учаскеде берді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Президенті референдумда дауыс берді