Астанада жүк көлігінің жанармай багы жарылып, үш адам зардап шекті
Фото: unsplash.com (Dominik Sostmann)
Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астаналық өрт сөндірушілер екі жүк автокөлігін өрттен құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде үш қабатты әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында бокстан шыққан.
"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бокста жүк көлігінің жанармай багы жарылып, арты өртке ұласты. Өрт кезінде бокс ішінде 3 жук автокөлігі болған, өрт сөндірушілер екі автокөлікті өрттен құтқарып қалды", - делінген хабарламада.
Өрт салдарынан 3 адам зардап шекті, олар медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33