Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам қаза тапты
Пресс-служба МЧС РК (Архивное фото)
Тағы 16 адам жарақат алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы бұрынғы мешітте жарылыс болып, үш адам қаза тауып, тағы 16 адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратында жаназа ас кезінде болған.
"Газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы бала қаза тапты", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын шығарған, барлығы жеті баллон болған.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қалалық ауруханасына жеткізді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді тазалап жатыр.
Оқи отырыңыз: Үндістанда ауруханадан шыққан өрттен 10 нәресте қайтыс болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
31.08.2026 09:00
Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
31.08.2026 20:25
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
30.08.2026 10:34
Қалай нақты мақсат қойып, оған тез жетуге болады
30.08.2026 12:41
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
30.08.2026 12:15