Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам қаза тапты

17.11.2024 11:00

Тағы 16 адам жарақат алды

Пресс-служба МЧС РК (Архивное фото)

Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы бұрынғы мешітте жарылыс болып, үш адам қаза тауып, тағы 16 адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратында жаназа ас кезінде болған.

"Газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы бала қаза тапты", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын шығарған, барлығы жеті баллон болған.

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қалалық ауруханасына жеткізді.

Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді тазалап жатыр.

Оқи отырыңыз: Үндістанда ауруханадан шыққан өрттен 10 нәресте қайтыс болды