Іс-шараның басты мақсаты – жұмысшылардың беделін арттыру
Алматыда WorldSkills Almaty-2025 өңірлік чемпионаты басталды. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған байқауға 200-ден аса колледж студенті қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар 11 сәуірге дейін құрылыс, ақпараттық технология, робототехника, аспаз, дизайн, шаштараз өнері бойынша жарысқа түседі. Болашақ мамандардың жобасын 250-ге жуық сарапшы мен жұмыс беруші бағалайды. Ал 14 сәуірде марапаттау рәсімі өтеді. Топ жарған жеңімпаздар республикалық байқауда Алматының атынан бақ сынап, Данияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама ала алады.
Іс-шараның басты мақсаты – жұмысшылардың беделін арттыру және жастардың кәсіби тұрғыдан дамуына ықпал ету.
«Ең басты ол – жұмысшы біліктілігін арттыру. Жыл сайын Алматы қала әкімдігінің арқасында, жарыс өтеді», – деді колледж директоры Темірбек Рахманов.
Оқи отырыңыз: Еңбек адамы: студент Данияда өтетін чемпионатқа жолдама алды