XII ғасырдағы Құран Кәрім қолжазбасы реставрациядан өтеді: Қазақстан мен Түркия ортақ жоба бастады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Көне жәдәгердің әр беті алтынмен көмкеріліп, медальондармен әсемделген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен Түркия Республикасындағы Қолжазбалар институты екі ел арасындағы мәдени және ғылыми бағыттағы әріптестікті дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Ұлттық кітапхана қорындағы ерекше жәдігерлердің бірі – куфи жазуымен жазылған Құран-Кәрім қолжазбасына консервациялық және реставрациялық жұмыстар жүргізу мәселесін талқылады. Сондай-ақ сирек кездесетін қолжазбаларды сақтау, қалпына келтіру және осы бағытта реставратор мамандардың тәжірибе алмасуы бойынша бірлескен жобалар жайлы пікір алмасты.

«Аталған Құран Кәрім – XII ғасырдан жеткен көне жәдігер. Қолжазба пергамент қағазға қара, қызыл және алтын түсті сиямен жазылған. Әр беті алтынмен көмкеріліп, медальондармен әсемделген. Қолжазбаның көлемі – 770 бет, салмағы – 5 келі 400 грамм. Өлшемі – 32×39,6 см», - делінген министрлік хабарламасында.

Кездесу нәтижесінде қос тарап бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін білдіріп, тарихи мұраларды сақтаудағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар қыста неше күн демалады

Новости партнеров