Ыстықкөлде шымкенттік спортшы суға батып кетті

Nemesia Production/ unsplash.com/
Nemesia Production/ unsplash.com/

Қазақстан бокс федерациясы қайғылы оқиға болған кезде ұлттық құрама жоспарлы жиында болғанын растады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың Қырғызстанға өзі барғанын, ұлттық команданың жаттығуларына қатыспағанын айтып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Қырғызстанда болған қайғылы оқиға туралы хабар тарады. Ыстықкөлде 21 жастағы шымкенттік боксшы Ибрагим Ирисматов суға батып кеткен.

Сондай-ақ қайғылы жағдай болған маңда 22 жасқа дейін қазақстандық боксшылар командасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқаны айтылды. Бұл болған оқиғаның жиынға қатысы туралы сұрақ тудырды.

Шымкенттің спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың қалалық Кәсіби бокс клубының (спорттық сауықтыру кешені) спортшысы екенін растады. Алайда оның Ыстықкөлде өтіп жатқан жаттығуларға қатысы жоқ.

"Жас жігіт Қырғызстанға демалу үшін өз ақшасына барған және басқа базада жатқан", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Қазақстан бокс федерациясы қайғылы оқиға болған кезде ұлттық құрама жоспарлы жиында болғанын растады. Ал Ирисматов қатысушылар тізімінде болмаған. Қайғылы жағдайдың команданың дайындығына қатысы жоқ, деп қосты федерация өкілдері.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді

 

Новости партнеров