Кез келген салмақ дәрежесіндегі чемпион тоғыз ай ішінде өз белбеуін қорғауы тиіс
Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды. Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтуынша, IBF ұйымынан 10 наурызда келген ресми хатта чемпиондық титулды бос деп жариялау туралы шешім қабылданғаны жазылған. Себебі ережеге сәйкес, кез келген салмақ дәрежесіндегі чемпион тоғыз ай ішінде өз белбеуін қорғауы тиіс. Ал отандық былғары қолғап шебері биыл 4 шілдеге дейін титулдық жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, былтыр қараша айындағы допинг дауына байланысты жерлесіміз 2026-ыншы жылдың 2 желтоқсанына дейін спорттан шеттетілген еді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сақтап қалды.
Оқи отырыңыз: Дзюдо: Қазақстан командасы Аустрия Гран-приін аяқтады