Тауда адасып қалды: үш турист құтқарушылардың көмегімен аман-есен төмен түсті

31.08.2026 09:47

Саяхатшылар 3600 метр биіктікте байланысқа шығып, көмек сұраған

Фото: пресс-служба МЧС РК

Түнде Алматы облысының Қарасай ауданында, Үлкен Алматы асуының маңында, 3600 метр биіктікте үш турист таудан түсіп келе жатып адасып, құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары көмек көрсету үшін жолға шықты. Топпен байланыс орнатылып, олардың геолокациясы белгілі болды.

Құтқарушылар туристерді «Алма-Арасан» шипажайына дейін аман-есен алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Оқи отырыңыз: Таңертең бе, кешке ме: дәрумендерді қай уақытта қабылдаған жөн

Толық көрсету