Күдіктілер алкогольді биоэтанол ретінде тіркеп, жалған құжатпен шығарып отырған
Таразда заңсыз ішімдік өндіріп, оны ірі сауда орталықтарына саудалап келгендер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілер алкогольді биоэтанол ретінде тіркеп, жалған құжатпен шығарып отырған. Тосыннан тексеріс жүргізген құзырлылар жасырын цехтан 280 млн теңгенің 122 мың литр ішімдігін тәркілеген. Ведомство мәліметінші, қылмыстық топ лицензиясыз өнім өндіруден бөлек, тасымалдап, қоймада сақтаған. Тіпті тауарын Жамбыл облысынан өзге Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарына да сатып отырған. Қазір бірнеше компания басшылары біртіндеп тергеліп жатыр.
«Өндірістік база аумағында жүргізілген тінту барысында 18 дана майнинг жабдығы анықталды. Қазіргі уақытта тәркілеу мақсатында 7 автокөлікке тыйым салынды. Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оқи отырыңыз: Елімізде нәресте өлімі 22,7%-ға төмендеді