Зайырлы мемлекет, постсекулярлық қоғам және ұлттық бірегейлік: Алматыда жаңа кітап оқырманға жол тартты

11.08.2026 18:30

Еңбектің авторы - тарих ғылымдарының докторы, профессор Асылбек Ізбайыров

Алматыда тарих ғылымдарының докторы, профессор Асылбек Ізбайыровтың жаңа еңбегі оқырманға жол тартты. «Зайырлы мемлекет, постсекулярлық қоғам және ұлттық бірегейлік» деп аталатын бұл зерттеуде рухани егемендік пен қоғамдық әдептің даму перспективалары сарапталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Автор өз еңбегінде зайырлы және діни құндылықтардың өзара үйлесімді моделін ұсынып, ұлттық бірегейліктің негізі ретіндегі «қазақ әдебінің» рөліне ерекше тоқталған.

«Біздің басты мақсатымыз – ұлттық бірегейлікті, яғни рухани егемендікті сақтау. Оны қалай сақтаймыз? Бұл ретте тарихи тамырымызға, атап айтқанда, Орталық Азиядағы дәстүрлі ислам мектебіне сүйенеміз. Ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, зайырлы мемлекеттің өмір сүру моделін өзіміздің ерекшелігімізге сай қалыптастырып жатырмыз», – деді кітап авторы Асылбек Ізбайыров.

Басылымның таныстырылымына ғылыми-сарапшылық қоғамдастық өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, оқытушылар, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысты. Басқосу аясында жиналған қауым Қазақстанның болашағы мен қоғамдық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасып, ашық кәсіби диалог жүргізді.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоқыс алаңы үлгілі мекенге айналды

Толық көрсету