Референдумға дейін:
24
күн
15
сағат
21
минут

Жақ сүйегі мен мұрны сынған: Отарда ауыр жарақат алған әскери қызметкерге ота дұрыс жасалмаған

Зардап шеккен жігіт Алматыдағы Әскери-клиникалық госпитальда ем қабылдап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақ сүйегі мен мұрны сынған. Отар әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметкер соққыға жығылып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желіде сарбаздың жақындары бейнежазба таратып, істі жіті тексеруді талап етті. Айтуларынша, азаматқа әлімжеттік көрсетілген соң операция жасалған. Алайда толыққанды ем-дом мен бақылау жүргізілмеген көрінеді. Кейіннен бірнеше күн сарбаздан хабар ала алмаған жақындары әскери бөлімге өздері барған. Белгілі болғандай, қатардағы жауынгер отадан соң жеке пәтерге орналастырылған. Бұл әрекеттердің заңдылығын саралау үшін тексеріс тағайындалыпты. Ал жәбірленушінің жақындары сарбазға алғашында жасалған операцияның дұрыс жүргізілмегенін анықтаған. Қазір зардап шеккен жігіт Алматыдағы Әскери-клиникалық госпитальда ем қабылдап жатыр.

«Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның, сондай-ақ жарғыға қайшы өзара қатынас фактісі туралы жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – деді Гвардейск гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығы Бақытжан Әбілдаев.

Оқи отырыңыз: Кенеттен тексеріс: Десанттық-шабуылдау әскерлері дабылмен көтерілді

 

 

 

 

 

Новости партнеров