«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті

Фото: Центр общественного развития города Алматы
Фото: Центр общественного развития города Алматы

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және құқықтық мәдениетті дамыту

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық даму орталығы Арбаттың аумағында студенттердің қатысуымен «Қаладағы заң» құқықтық квест-марафонының төртінші ойынын ұйымдастырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және құқықтық мәдениетті дамыту. Квест барысында қатысушылар түрлі құқықтық жағдаяттарды шешіп, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты тапсырмаларды орындап, командалық жұмыс дағдыларын шыңдады.

Ойынға қатысқан «Agro Force» командасы құқықтық кейстерді талдау, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыни ойлау және жедел шешім қабылдау қабілеттерін талап ететін бірқатар практикалық сынақтардан өтті. Қатысушылар өздерінің теориялық білімдерін нақты өмірлік жағдайларда қолдану мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай интерактивті формат жастардың құқықтық білімін нығайтып қана қоймай, олардың заң талаптарын түсінуіне, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек меңгеруіне ықпал етеді. Сонымен қатар, квест қатысушылардың жауапкершілік деңгейін арттырып, қоғамдық өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

«Қаладағы заң» құқықтық квест-марафоны – жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға құрметпен қарау қағидаттарын дәріптеуге арналған тиімді алаңдардың бірі.

Квест-марафонның келесі кезеңдері мен жобаның өзге де жаңалықтарынан хабардар болу үшін @qdo.almaty және @zan_men_tartip_almaty әлеуметтік желідегі ресми парақшаларын қадағалауға шақырамыз.

Оқи отырыңыз: Жекеменшік лагерьлер маусымның соңына дейін лицензия алуы керек – министрлік

Новости партнеров