Жалған интимдік фото мен видеолар жасаған: Ұлытау облысында күдікті ұсталды

Ол анонимді парақшалар мен жалған есімдерді пайдаланып, бір отбасыға жүйелі түрде психологиялық қысым жасап келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысында анонимді парақшалар мен жалған есімдерді пайдаланып, бір отбасыға жүйелі түрде психологиялық қысым жасап келген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

22 жастағы Сәтпаев қаласының  тұрғыны алдымен жас қызды әлеуметтік желілерде аңдып, соңына түскен. Кейіннен ер адам жасанды интеллектінің көмегімен жалған интимдік фото мен видеолар жасап, оларды жәбірленушінің туыстары мен таныстарына жіберген. Сондай-ақ күдікті интернетте жалған парақшалар арқылы жала жабылған материалдар таратқан. Тіпті кәмелетке толмаған балаларға да қауіп төндіріпті.

«Күдікті 5 жылға жуық анонимді аккаунттармен жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жәбірленушілерге қысым көрсетіп, жалған әрі беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараттар таратқан. Нәтижесінде Сәтбаев қаласының 22 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Компьютерлік техника мен байланыс құралдары тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оның басқа да киберқылмыстарға қатыстылығын тексеруде», – деді облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Меруерт Рахимжанова.

Оқи отырыңыз: Сыйлық аламын деп алданып қалмаңыз: ІІМ алаяқтардан сақ болуға шақырады

 

Новости партнеров