Сонымен қатар алаяқтар Агенттік атынан жалған сайттар жасап, өтірік ақпарат таратқан
Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа фактілері туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Агенттіктің ресми өкілінің бейнесін пайдаланған дипфейк видеоларында «жәбірленуші инвестордың» жалған оқиғасы баяндалады.
"Сценарий бойынша, қаражатты салғанна кейін, кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі, бірақ ақшаны алу үшін комиссиялар, салықтар және «тексерістер» төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін де қаражатқа қол жеткізу бұғатталады. Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады. «Толығырақ» батырмасы «халық заңгері» деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі", - делінген ҚМА хабарламасында.
Сонымен қатар алаяқтар Агенттік атынан жалған сайттар жасап, онда «жәбірленушілердің ақшасын қайтару» туралы ақпарат жариялаған.
"Сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнама толтыру сұралады (мысалы, «ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?» деген сұраққа жауап беру). Кейін жеке мәліметтер — аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта енгізіліп, «қайтару процесін бастау» батырмасын басу ұсынылады", - делінген хабарламада.
Осындай барлық сайт, сауалнамалар және формалар алаяқтық схемасы екенін ескертеміз, олар азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатты иемденуге бағытталған.
Ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласыңыз. Азаматтарды сақ болуға, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге және алаяқтардың сақ болуға шақырамыз.
Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік театр күні: Қазақстанда сахна өнері қалай дамып жатыр