Ведомство биыл 82 мың гектар аумақты мемлекет меншігіне қайтарды
Жамбыл облысында бақилық болған 120 жанның атында әлі күнге дейін 31 мың 500 гектар жер телімі тіркеліп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаруашылық мақсаттағы бұл алқаптарға соңғы 5 жылда ешкім сұрау салмаған. Мұндай деректер 7 ауданда кездесіп отыр.
Ал салалық басқарма өкілдері «жыл басталғалы марқұмдарға құжат жүзінде тиесілі 7 мың гектар жерді кері қайтардық» – дейді. Енді иесіз жатқан 22 мың гектар жер телімін сот арқылы тағы алмақ. Түсіндіру жұмыстарынан соң 16 қожалық өздеріне тиесілі алқаптардан бас тартқан. Өңірде жалпы 400 мың гектардан аса жер телімі игерілмей, бос жатыр. Оны 300-ден аса шаруа жалға алған. Ведомство биыл 82 мың гектар аумақты мемлекет меншігіне қайтарыпты.
«Сарысу ауданында 2017 жылы жер рәсімделген. Қайтыс болған азаматтың жері бос жатқан осы күнге дейін. Биылғы соттың шешімімен ол мемлекет иелегіне қайтарылды. Осы тәжірибемен жұмыстарды әрі қарай жалғастырамы», – деді Жамбыл облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтепов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 100-ден аса көлікжай сүріледі: жергілікті жұрт жеке мүлкін қорғап отыр