Жамбыл облысында мас күйде көлік тізгіндеген жас жігіт қамауға алынды

polisia.kz
polisia.kz

Жас жігіт 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында мас күйде көлік тізгіндеген жас жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, 3 қарашада сағат 01:29 шамасында Тәуке хан көшесіндегі "Қазақ хандығы" монументінің алдындағы тұрақ алаңында Жамбыл облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары ВАЗ-21099 автокөлігінің жанында тұрған бес ер адамның күдікті әрекетін байқады.

Ақпарат дереу полиция жасағына тексеру үшін берілді.

Тексеру барысында 21 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.

Сот шешімімен жас жігіт 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.

Бұл жағдай заманауи технологиялар полицияға құқық бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік беретінін тағы да дәлелдейді.

Оқи отырыңыз: Шымкентте есірткі таратып жүрген жігіт ұсталды