Алдын ала мәліметке сәйкес, қатардағы жауынгердің саусақтары темір заттың соққысынан қатты зақымданған
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға таңғы тексеріс кезінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қатардағы жауынгердің саусақтары темір заттың соққысынан қатты зақымданған.
Әскери қызметшінің айтуынша, бұл жағдай жеке себептерге байланысты туындаған. Зардап шеккен жауынгерге дереу медициналық көмек көрсетіліп, ол әскери госпитальге жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ, дәрігерлер бақылауында.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаны жан-жақты тексеру үшін әскери бөлімге арнайы комиссия жіберілді.
Оқи отырыңыз: Шымкентте сарбаз өлімі тіркелді: Ұлттық ұлан мәлімдеме жасады