Жамбыл облысында тас жолдарды қысқа дайындау жұмысы күшейтілді

23.10.2026 18:29

Аймақта қарлы бораны жиі болатын қауіпті аймақ көп

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар 1200 шақырымдық тас жолдарды қысқа дайындау қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі қарлы бораны жиі болатын қауіпті аймақтар көп. Олардың қатарында жаңа және ескі Күйік асуы, Шақпақ пен Қордайдағы бірнеше асу бар. Қазір инертті материалдар қоры жиналып, көктайғаққа қарсы себілетін қоспалардың көлемі 60 мың текше метрден асты.

Сондай-ақ 100-ден астам техника дайындалып, әр ауданда жылыту орындары да әзірлеген. Олар жол жабылған жағдайда жолаушыларды қабылдайды.

«Аталған учаскелерде қыс мезгілінде күтіп, ұстау жұмысы күшейтілген режимде жүргізілетін болады. 40 мыңнан астам қиыршық тас, 11 мыңнан астам құм, 8 мыңнан астам тұз дайындалған. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 5 жол пайдалану бөлімшесі және 11 жол пайдалану пункті жұмылдырылады», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Біржан Әшіров.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің кей бөлігінде қозғалыс шектеледі

Толық көрсету