Байзақ аудандық полиция бөліміне алаяқтарға алдандық деген 112 адам шағымданды
Жамбыл облысында ыдыс-аяқ сатамыз деп тұрғындардың 51 млн теңгесін қолды қылған ерлі-зайыпты сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күдіктілер бұл кәсібін 2024 жылы бастаған. Әуелі WhatsApp мессенджері арқылы таныстарына тұрмыстық тауарларды төмен бағада сатқан. Осылайша көптің сеніміне кіріп, бастапқыда тұрғындарға тапсырыстарды жіберіп отырған. Алайда кейін сұраныс артқан соң елдің қаржысын жиып жауапсыз кеткен. Салдарынан Байзақ аудандық полиция бөліміне алаяқтарға алдандық деген 112 адам шағымданыпты. Сот алаяқтық бабы бойынша күйеуін 2 жыл 8 айға, ал әйелін 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.
Оқи отырыңыз: Жоғалған отбасы: Жангелдин ауылындағы трагедияға қатысты жаңа деректер пайда болды