Референдумға дейін:
1
күн
15
сағат
56
минут

Жоғалған отбасы: Жангелдин ауылындағы трагедияға қатысты жаңа деректер пайда болды

Қанды қылмысқа барған 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев қамауда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы трагедияға қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев қайын ағасы мен балдызын үшкір зат тығып өлтіруі мүмкін. Бұл ақпаратты Полиция департаменті растап отыр. Алайда өлімге нақты не себеп болғаны сараптамадан соң белгілі болады. Қазір қанды қылмысқа барған 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев қамауда. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Мүрделерден үшкір заттан жарақаты бар, көрдік.  Көзге көрініп тұрған.  Алайда ол неден болғанын сараптамадан соң білеміз. Тергеу амалдары біткеннен кейін нақты жауап береміз», – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов.

Оқи отырыңыз: Есірткі қылмысының жасөспірімдерге зияны қандай: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

 

 

 

 

Новости партнеров