Жамбылда Ұлттық спорт күніне орай ардагерлер арасында жарыс өтті

20.03.2026 18:17

Қариялар жастардан қалмай ләңгі теуіп, асық атып, үстел теннисі мен шахмат және тоғызқұмалақтан бақ сынады

Ұлттық спорт күніне орай ардагерлер арасында жарыс өтті. Мерекелік шараға 100-ден аса еңбек ардагері қатысып, ұлттық спорттың 6 түрінен сайысқа түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қариялар жастардан қалмай ләңгі теуіп, асық атып, үстел теннисі мен шахмат және тоғызқұмалақтан бақ сынады. Ал «Тараз-Арена» спорт сарайында ұлттық спорттың 7 түрінен спартакиада ұйымдастырылды. Онда 14-пен 35 жас аралығындағы жастардан құралған 10 команда бақ сынады. Қатысушылар асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, садақ ату сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Жамбыл облысында Ұлттық спорт күніне орай 117 спорттық шара өтіп жатыр.

«Бүгінгі таңда ұлттық спорт түрлеріне басымдық жоғары. Қалалық,  республикалық, облыстық бірінішіліктер өтуде. Бүгінде қала тұрғындарының 45,3 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады», – деді  «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу» орталығының басшысы Мақсат Нареш. 

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр