Заң мен әділдік: Алматыда мыңнан аса азамат тегін құқықтық кеңес алды

20.05.2026 18:12

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай қабылдаулар құқықтық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді

Алматыда тегін құқықтық кеңес беру акциясы жалғасып жатыр. Іс-шара қаладағы ойын-сауық орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда ұйымдастырылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Онда тұрғындарға заңгерлер мен прокурорлардың көмегі ұсынылады. Яғни, азаматтар сала мамандарына қызықтырған сұрақтарын қойып, мәселесіне қатысты жауап алды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай қабылдаулар азаматтарға түрлі мекемелерді араламай-ақ, құқықтық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Заң мен әділдік» жобасы алдағы уақытта да жұмысын жалғастырмақ.

«Бүгінгі таңда жоба аясында 1000-нан астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілді. Құқықтық кеңес беру шаралары сауда ойын-сауық орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда ұйымдастырылып, тұрғындарға қолжетімді форматта өткізілуде. Тұрғындар кәсіби адвокаттар мен заңгерлерден тегін кеңес ала алады. Бұл бастама азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге көмектесіп қана қоймай, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған», – деді Бостандық ауданы Полиция департаменті бөлімшесінің аға инспекторы Айдана Ибрагимова.

Оқи отырыңыз: Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру: Алматыда ашық есік күні өтті