Заң мен тәртіп: Алматыда азаматтық қоғам өкілдері бас қосты

Қоғамдық кеңес мүшелері ашық диалог алаңдарын көбейтіп, айтылған ұсыныстарды нақты шешімдер мен жобаларға айналдырудың маңыздылығына тоқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда азаматтық қоғам өкілдері бас қосты. Жиында саяси реформалар жағдайында қоғамды біріктіру және «Заң мен тәртіп» идеясын ілгерілету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды  Almaty.tv

Сала мамандарының сөзінше, бұл бағытта үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше. Яғни, олар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың ұсыныс-пікірін жеткізетін негізгі алаң ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар қоғамдық бақылау жүргізіп, реформалардың тиімді жүзеге асуына ықпал етеді. Қоғамдық кеңес мүшелері ашық диалог алаңдарын көбейтіп, айтылған ұсыныстарды нақты шешімдер мен жобаларға айналдырудың маңыздылығына тоқталды.

«Азаматтық қоғам - қоғамның дамуындағы негізгі күш болып есептеледі. Сондықтан, бұл азаматтық секторды әрқашан бір жүйеде ұстап отырсақ, қоғамдағы болып жатқан саяси-әлеуметтік реформалардың барлығы нәтижесін беріп, дұрыс жүзеге асады деп ойлаймын», – деді  «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының президенті  Марат Қалимолдин.

Оқи отырыңыз: Үйірлі жылқы шаруашылығы: Алматыда ғылыми-оқу құралы таныстырылды

Новости партнеров