Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы заңбұзушылық өткен жылмен салыстырғанда 29,7 пайыз артқан
Елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс үдеп барады. Мәселен, Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы заңбұзушылық өткен жылмен салыстырғанда 29,7 пайыз артқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Балалар қылмысының басым бөлігі – ұрлық, тонау, бұзақылық, есірткі таратушылық және орташа деңгейдегі денсаулыққа зиян келтіру.
Аталған фактілердің алдын-алу мақсатында Түрксіб ауданының прокурорлары қаладағы Спорт және туризм академиясына барып, студенттермен кездесу өткізді. Жиында есірткі қылмысы, нашақорлықтың алдын алу, буллинг, құмар ойынға тәуелділік және алаяқтықпен күрес мәселелері талқыланды. Жастарға қолданыстағы заң нормалары түсіндіріліп, сот-тергеу тәжірибесінен мысалдар көрсетілді.
«Іс-шара «Заң және тәртіп» жобасы аясында өткізіліп отыр. Біз әр ЖОО-ға барып, осылай студенттермен жүздесіп, оларды зиян әдеттерден аулақ болуға шақырамыз. Нашақорлықтың алдын алу, құмар ойынға тәуелділік және алаяқтықпен күрес сияқты мәселелерді талқылаймыз», – деді Түрксіб ауданы прокурорының орынбасары Құралбек Шойбеков.
Оқи отырыңыз: Елордада есірткі таратумен айналысқан қаржыгер ұсталды